Ұлттық бюро: ІІМ-де лауазымды қызметкерлер $24 900 көлемінде пара алған

4 Қаңтар 2019, 15:39
3054
Бөлісу:
Ұлттық бюро: ІІМ-де лауазымды қызметкерлер $24 900 көлемінде пара алған

Астана, baq.kz. ҚР Ішкі істер министрлігінде $24 900 көлімінде пара алып келген лауазымды қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті.

Оның айтуынша, ҚР ІІМ-нің Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды қызметкерлері парақорлық бойынша күдікке ілініпті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментімен қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін бағыныштылардан 24 мың 900 АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді Арман Бердалин.

Осы орайда ол соттың шешімімен басқарма бастығы, батальон командирі және оның орынбасарлары қамауға алынғанын, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада комитет төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлағанбыз.
Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы